Коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын алу шаралары

Коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын алу шаралары

Коронавирустық инфекция - жоғарғы тыныс алу жолдарының, көбінесе ринит немесе гастроэнтерит сияқты асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы басым болатын жедел вирустық ауру. Этиология қоздырғышы - Coronaviridae тұқымдасының Coronavirus тектес - РНҚ геномдық вирустары болып табылады.

 

Тыныс алу және ішек коронавирустары адамдар үшін патогенді болып саналады. Адамдарда респираторлық коронавирустық инфекциялар басым, барлық жерде «суық тию» немесе ЖРВИ ретінде тіркелген. Вирустар сыртқы ортада тұрақсыз. Олар 56C температурада бірден жойылады, ал 37C - 10-15 минутта жойылады. Вирус суыққа жақсы төзімді.

 

Симптомдары мен берілу жолдары: ең көп кездесетін белгілері - дене қызуының көтерілуі (38С дейін) және құрғақ жөтел, кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауру, бас ауру және ентігу сияқты белгілер пайда болады.  Көріністердің жалпы ұзақтығы 5-7 күннен аспайды.

 

Балаларда кейде төменгі тыныс жолдарының зақымдану белгілері пайда болады:  жөтел, тыныс алу кезінде кеудедегі ауырсыну. Ауру жоғарғы тыныс жолдарының ілеспе белгілері жоқ жедел қысқа мерзімді гастроэнтерит түрінде жүреді.  Инфекция көзі - науқас адам. Берілу механизмдері ауа-тамшы және фекальды-оральды арқылы жұғады.  Адамдардың табиғи сезімталдығы жоғары болғандықтан, патогенге сезімтал болып келеді.

 

Алматы  қаласы  бойынша  коронавирустық  инфекция  бойынша эпидемиологиялық  жағдай  тұрақты. Соңғы 7 күнде ( 2025 жылдың 15 - 21 тамыз аралығы) инфекция жұқтырғандар саны - 9, алдыңғы 7 күнде 16 жағдай болған. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 42,8% - ға ( 7 жағдайға) төмендегені байқалады.

 

100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 0,4 пайызын құрайды. 2025 жылдың басынан бастап 21 тамызға дейін коронавирустың - 280 расталған жағдай тіркелді, өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген жоқ.

 

2025 жылғы қаңтардан 21 тамызға дейін қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 280 жағдайы тіркелді, оның ішінде 182 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, 96 жағдай ересектер арасында.

 

Тіркелген 280 жағдайдың барлығы өз беттерімен медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталған.

 

Ағымдағы жылдың басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жас бойынша бөлінуі:

 

-   14 жасқа дейінгі балалар - 182 жағдай, үлес салмағы 65%;

 

- 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен бозбалалар арасында 3 жағдай тіркелді, үлес салмағы 1,1%;

 

- 20-39 жас аралығындағы азаматтар - 24 жағдай, 8,6%;

 

- 40-59 жас аралығындағы азаматтар - 16 жағдай, 5,7%;

 

- 60 жас және одан жоғары - 55 жағдай, 19,6%.

 

Ағымдағы жылдың басынан 21 тамызына дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың кәсіптік қамтылуы бойынша 62,5% - мектеп жасына дейінгі балалар, 17,1% - зейнеткерлер, 6,4% - жұмыссыздар, 2,9% - әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жұмыс істейтіндер, 2,5% - мектеп оқушылары.

 

Алдын алу шаралары.

 

Тұмау және ЖРВИ сияқты алдын алу шаралары жүргізіледі. Арнайы профилактика (коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация) бар.  Коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін  медициналық маскалар қолдану және адам көп жиналатын орындарға барудан және дене қызуы жоғары науқас адамдармен байланысудан бас тарту ұсынылады;

 

Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды жүйелі түрде желдету,  өзіңіз тұратын бөлмені тазалау және жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады. Егер сізде респираторлық аурудың белгілері байқалса, бетперде киіп, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.