Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмау - ауа тамшыларымен берілетін жіті респираторлы жұқпалы ауру.  Алғашқы 1-2 күн тұмау жұқтырып, ауруға шалдыққан адам барлық жағдайларда осы инфекцияның жұқтырушы көзі болып табылады. Жыл сайын тұмауға шалдығу жағдайлары күз-қыс мезгілінде тіркеледі. Әлеуметтік маңыздылығы мен  экономикаға тигізетін зияны жағынан тұмау адамның барлық ауруларының ішінде бірінші орында тұр.

Тұмаудың клиникалық ағымы пневмония, бронхит тәрізді түрлі асқынулармен, сондай-ақ, жүрек қантамырларының, жүйке жүйесіндегі, созылмалы аурулардың асқынуымен жалғасады.  Тұмау әсіресе, өмірге жаңа келген сәбилер, егде жастағы кісілер мен әлсіз адамдар өмірі үшін қауіпті. Статистика бойынша тұмау кезінде асқыну жағдайлары әрбір 10-шы науқаста ұшырасады.

Әлемдегі тұмаудан сақтанудың негізгі жолы - вакцинация. Жыл сайын Алматы қаласында тәуекелділігі жоғары барлық топтарда(медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауға жататындар) вакцинация жүргізіледі. 

Вакцинация бұл санаттағы адамдарды ғана тұмау жұқтырудан сақтап қана қоймай, сонымен қатар, айналадағы  адамдарды да ауруға шалдығудан  сақтайды, тұмау асқынуының және өлім-жітім жиілігін төмендетеді.  Соңғы бірнеше жыл бойы  жүктілік кезінде тұмауға шалдыққан жағдайда асқынудың үдей түсу қаупі жоғары болғандықтан жүктіліктің 2-ші, 3-ші триместріндегі жүкті әйелдерге вакцинация жүргізіліп келеді. Бұл жылы жүкті әйелдерді вакцинациялау жалғасатын болады.

Ағымдағы жылы жергілікті  әкімшіліктің қаражатына  осал топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 250 000 доз көлемінде Гриппол плюс  вакцинасы сатып алынады. Тәуекел топты вакцинациялау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, вакцинация 2025 жылғы қыркүйек айының 2-ші декадасынан бастап  30-шы қараша аралығында жүзеге асырылады.  Халықтың  осал саналатын елге қызмет көрсету саласында (көлік, қонақүйлер т.б.) еңбек ететіндер боп табылады. Бұл салада еңбек ететіндерге  вакцинация жұмыс берушілер есебінен жүргізіледі.    

Тұмауға қарсы екпе алғысы келген басқа санаттағы қала тұрғындарын эпидемиологиялық маусымның алдында жеке меншік медициналық орталықтарға хабарласуларына болады.

 

2025 жылға арналған Алматы қаласы бойынша ақылы негізде тұмауға қарсы екпе жүргізетін медициналық орталықтар:

Атауы

Мекенжайы

Телефон

 Сатып алу күтілетін вакциналар

1.

 «IMC» Медициналық орталығы

Мұқанов көшесі, 235 үй.

378 64 64

«Гриппол +4 -валентті»

2.

«Вакцинация клиникасы»

«Фармаком» ЖШС

Қарасай батыр көшесі, 30 үй.

291 79 65

«Гриппол +4 -валентті»

3.

«Интертич» ЖШС

Назарбаев даңғылы, 269 үй.

320 02 00,

320 02 06

 «Гриппол +4 -валентті»

4.

«СОС-Қазақстан» ЖШС

Ерғожин көшесі, 27 үй.

258 19 11

«Гриппол +4 -валентті»