Эпидемиологиялық сұрақтар жөнінде ведомствоаралық әрекеттесу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Эпидемиологиялық сұрақтар жөнінде ведомствоаралық әрекеттесу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен эпидемиологиялық сұрақтар жөнінде ведомствоаралық әрекеттесу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары А.С. Ахметова, Ж.А. Отарбекова, Д.Б. Бөлегенова, М.Н. Мухамедиев қатысты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығының, ҚР Қарулы Күштерінің Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы мен Шекара қызметінің аумақтық департаменттерінің эпидемиология мәселелеріне жауапты қызметкерлері шақырылды.

Департамент өкілдері дөңгелек үстел барысында инфекциялық және паразиттік аурулар, аса қауіпті инфекциялар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Департамент пен құрылымдық күштердің өкілдері эпидемиология саласында ведомствоаралық байланысты одан әрі күшейтуге, санитариялық-ағарту және оқу-жаттығу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге келісті.