2025 жылдың І жартыжылдығында коммуналдық объектілерді бақылау саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 547 өтініш келіп түсті (2024 ж. І жартыжылдықта - 555).
35 өтініш немесе барлық өтініштердің жалпы санының 6,4% бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (2024 ж. І жартыжылдықта - 34 немесе 6,1%).
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында 17 өтініш немесе тексерілгендердің санынан 48,6% расталды, 18 расталмады (2024 ж. І жартыжылдықта - 21 немесе 61,8%, расталмады - 13).
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға 186 өтініш немесе 34% жолданды (2024 ж. І жартыжылдықта - 159 немесе 28,6%).
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 204 немесе 37,3% өтінішке жазбаша түсіндірмелер берілді (2024 ж. І жартыжылдықта - 234 немесе 42,2%).
119 немесе 21,8% өтінішті қарау тоқтатылды (арыз берушілер кері қайтарып алды) (2024 ж. І жартыжылдықта -126 немесе 22,7%).
Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 2 немесе 5,7% өтініш қаралды (2024 ж. І жартыжылдықта - 6 немесе 17,6%).
Расталған өтініштердің сипаты:
- қызметтің басталғаны туралы хабарламай объектінің қызмет етуі;
- тұрғын үйлердің жертөлелерінің жай-күйіне, кәріз апаты жойылғаннан кейін дезинфекция жүргізілмеген;
- жәндіктер мен кеміргіштерден өңдеу жүргізілмейді, қоқыстардан тазартылмаған.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 4 561 120 тг. сомасына 15 айыппұл салынды (2024 ж. І жартыжылдықта - 9 735 804 тг. сомасына 21 айыппұл), 16 ұйғарым шығарылды (2024 ж. І жартыжылдықта - 22), 4 материал сотқа жіберілді (2024 ж. І жартыжылдықта - 6).