Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Медеу, Жетісу аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері БАҚ-пен жұмыс бойынша семинар-тренингке қатысты.
Семинар-тренингте «Tengrinews.kz», «BES.media», Алматы қаласы Полиция департаментінің ақпараттық саясат басқармасының бастығы Салтанат Әзірбек сияқты медиа саласының сарапшылары сөз сөйлеп, заманауи коммуникациялар, кризистік жағдайлар да іс-әрекеттер және БАҚ-пен әрекеттесу мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында семинар-тренигке қатысқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне сертификаттар табысталды.
Аталған семинар-тренингі ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алғыс білдіреміз.