Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациянының маңыздылығы

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациянының маңыздылығы

Адам папиллома вирусы (бұдан әрі - АПВ) - бұл негізінен жыныстық қатынас арқылы берілетін өте кең таралған вирустар тобы.

 

Қазіргі таңда АПВ-нің  200 - ден астам түрі белгілі, олардың 40 - тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14 - і қатерлі ісік онкологиялық ауруларды тудыратын жоғары онкогенді болып табылады.

 

Жыныстық өмір сүретін адамдардың шамамен 80% - ы өмір бойында АПВ жұқтырады. Кейбір адамдарда АПВ денесінде көптеген жылдар бойы сақталып,  кейбір органдарда қатерлі жасушалардың  дамуына  әкелуі мүмкін.

 

АПВ инфекциясы негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі. Сондай-ақ, тұрмыстық байланыс жолымен терінің және шырышты қабықтың АПВ жұқтырған жерлерімен жанасу кезінде (терінің микротравмасы арқылы) және босану кезінде, анадан балаға АПВ берілуі мүмкін.

 

АПВ шырышты қабаттар мен терідегі микроскопиялық ақаулар арқылы енеді.

 

Вирусты жұқтырғанда, сондай-ақ ол тудыратын инфекция ешқандай симптомсыз болуы мүмкін. Вирус адамның эпителий жасушасына енгеннен кейін көбейе бастайды. Ұзақ мерзімді АПВ инфекциясы сақталған кезде зардап шеккен жасушаларда патологиялық өзгерістер болуы мүмкін.

 

Уақыт өте келе мұндай өзгерістер қатерлі ісіктерге әкелуі мүмкін. Қатерлі ісік пайда болғанға дейін он жыл немесе одан да көп уақыт өтуі мүмкін.

 

Жыл сайын елде 1900 - ға жуық әйелдерде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелдің емдеу нәтижесі қолайсыз болғандығы байқалады, яғни күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

 

Қазіргі уақытта қыздарды АПВ - ның онкогенді түрлерінен қорғауға мүмкіндік бар.

 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы АПВ - нан максималды қорғанысқа қол жеткізу үшін 9 жастан 14 жас аралығындағы қыздарды, яғни жыныстық  өмірдің басталуына дейін вакцинациялауды ұсынады.

 

Қалада 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап  Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 - ші қыркүйектегі  «Қазақстан Республикасында адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу туралы» №11  қаулысына сәйкес АПВ-ға қарсы жоспарлы түрде вакцинация 11 жастағы қыздарға, сондай-ақ 12 - 13 жастағы қыздарға толықтыра иммундау шеңберінде жүргізілуде.

 

Вакцинация 6 ай аралық интервалды 2 дозадан тұрады. 

 

АПВ - ға қарсы вакцинация жүргізу үшін АҚШ - та шығарылған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады, ол АПВ - ның  6, 11, 16 және 18 типтерінен қорғайды.

 

Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, Қазақстан Республикасында тіркелген және әлемнің көптеген елдерінде (Австралия, Канада, АҚШ, Батыс Еуропа елдері және т.б.) кеңінен қолданылады.

 

АПВ вакциналарында тірі вирустар жоқ және  инфекцияны тудыруы мүмкін емес, сондай-ақ ұрпақты болуға ешқандай кедергілер тудырмайды.

 

Екпелерді қала мектептерінің медициналық кабинеттерінде (оқу жылы ішінде) және тұрғылықты жері бойынша емханаларда екпе жасауға  рұқсаты бар, дайындықтан өткен медицина қызметкерлері жүргізеді.

 

Қыздарды вакцинациялау ата-анасының (немесе заңды өкілінің) вакцинацияны жүргізуге келісімімен, дәрігердің тексеруінен және вакцинацияны жүргізуге рұқсатты ресімдегеннен кейін жүргізіледі.

 

Вакцинаны енгізуге қарсы көрсеткіштер: вакцинаның кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық, вакцинаны бұрын (алғаш) енгізген кездегі реакциялар болса, жіті жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, дене температурасының 37° - тан жоғары көтерілуі болып табылады.

 

Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, қыздар емделып, қалпына келгеннен кейін вакцинацияланады.

 

Қалада 2025 жылғы 8 - ші тамаздағы  жағжай  бойынша АПВ - ға қарсы бірінші дозамен барлығы 10835 қыз балаға егілді, оның ішінде   11 жаста - 4667 және  12 - 13 жас аралығындағы 6168  қыздар. АПВ - ға қарсы екінші дозамен жалпы 5047 қыз балаға егілді, оның ішінде 11 жастағы - 1518  және 12 - 13 жас аралығындағы - 3529  қыз екпемен қамтылды.

 

Егілгендер арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

 

АПВ - на қарсы вакцинация баланың өміріндегі маңызды қадам болып табылады, қатерлі ісіктен ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені ол бірқатар ісік алды аурулары мен онкологиялық жатыр мойны обыры, вульва, қынап, анальды канал және қатерсіз ісіктер - аногенитальды сүйелдер туындататын АПВ инфекциясының алдын алады.

 

Қорытындылай келе, ата-аналарға 11 - 13 жас аралығындағы қыздарды АПВ - на қарсы вакцинациялау, олардың болашағын АПВ - ның онкогенді түрінен қорғау ұсынылады.

 

Ауруды емдегеннен, оның алдын алған дұрыс!