Қазақстан Республикасындағы ДДСҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасындағы ДДСҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асыру туралы

Халық денсаулығын сақтау және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Салауатты жұмыс орындары» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жобаның мақсаты - кәсіби аурулардың алдын алу, жұмыс орнындағы денсаулыққа зиянды факторларды азайту және қызметкерлердің денсаулығына бағытталған ұйым мәдениетін қалыптастыру.

 

Жобаның негізгі бағыттары:

- кәсіби қауіп-қатерлерді анықтап, оларды азайту;

- психикалық және физикалық денсаулықты қорғау шараларын енгізу;

- қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау саясатын дамыту;

- қауіпсіз, жайлы және қолдау көрсететін еңбек ортасын қалыптастыру.

 

Қызметкерлердің денсаулығы - еңбек өнімділігі мен ұйымның тұрақты дамуының, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының негізі.

 

Жобаға барлық ұйымдар қатыса алады, соның ішінде:

 

- мемлекеттік және жекеменшік мекемелер;

- білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары;

- өндіріс және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар;

- мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар.

 

ДДСҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасына қатысуға барлық мүдделі мекемелер мен жұмыс берушілерді шақырамыз. Елде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру - бәріміздің ортақ мақсатымыз.

 

Қосымша ақпаратты Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен және  Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан» алуға болады.

 

Салауатты еңбек ортасы - дені сау қоғамның негізі.