Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын енгізу туралы

Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын енгізу туралы

«Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, дайын тағамдарда тұз, қант мөлшерінің шектеулі мөлшері көзделген.

 

Тағамдарды дайындау үшін 2-3 жастағы балалар үшін бір балаға 17 грамнан аспайтын, 4-6 жастағы балалар үшін бір балаға 22 грамнан аспайтын, 1-4 сынып оқушылары үшін бір балаға 26 грамнан аспайтын, 5-7 сынып оқушылары үшін күніне 31 грамнан аспайтын, 8-11(12) сынып оқушылары үшін бір балаға 34 грамнан аспайтын қанттың тәуліктік нормасы тамақтану жиілігіне байланысты ескеріледі.

 

100 грамм  дайын тағамға 0,3 грамм аспайтын тұз (дайын өнімнің салмағынан 0,3%), 5 г. аспайтын қант (дайын өнімнің салмағынан 5%) рұқсат етіледі.

 

Жылдың әр мезгілінде жаңа піскен, мұздатылған, кептірілген, маринадталған, өңделген көкөністер, жемістер мен жидектер қарастырылады. Өңделген және кептірілген көкөністер, жемістер мен жидектерге қант, тәттілендіргіштер қосылмау көзделеді.

 

Стандарттың 19-тармағының 4-қосымшасына сәйкес, білім беру ұйымдарында табиғи тағамдық дәмдеуіштер мен хош иістендіргіштерден басқа (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, зире, насыбайгүл, тәтті, ақ және хош иісті бұрыш, орегано, даршын, ваниль, кориандр, қалампыр, лавр жапырағы, пияз, сарымсақ) құрамында тәттілендіргіштер, дәм күшейткіштер, консерванттар, синтетикалық бояғыштар мен хош иістендіргіштер бар тамақ өнімдерін пайдалануға жол берілмейді. 

 

Стандарттың 3-тарауының 64-тармағына сәйкес, міндетті бір реттік ыстық тамаққа арналған перспективалы төрт апталық маусымдық мәзір және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен тамақтандыру жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарындағы буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесін денсаулық сақтау басқармасы бекітеді. Жаңа тамақтану стандарты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.