Топырақтың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг рекреация аймақтарында және су тарту құрылыстарының санитариялық қорғау аймақтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №ҚР ДСМ - 32 бұйрығымен бекітілген «Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер» гигиеналық нормативінің талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі (бұдан әрі - Гигиеналық норматив).
Алматы қаласы бойынша 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары микробиологиялық көрсеткіштерге 161 топырақ сынамасын, оның ішінде 9 немесе 5,6% Гигиеналық нормативке сәйкес келмейтіні анықталды (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 162/20-12,3%); санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 85 сынама, сәйкес келмейтіні анықталған жоқ (2024 жылдың ұқсас кезеңінде -84/0).