
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша саларалық үйлестіру мен тәуекел-коммуникациясы тақырыбында семинар-жыттығу өткізілді.
Семинар-жаттығуға Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Ж. Үмбеталиев және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарға жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинардың басты мақсаты - халықтың денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар кезінде салалар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтау, сондай-ақ халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен дағдарыс жағдайындағы коммуникацияның тиімділігін арттыру.
Сондай-ақ, Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Ж. Үмбеталиев Ақмола облысы, Бурабай ауданында болған іссапарындағы төтенше жағдайлар бойынша алған дағдыларымен бөлісті.