Департаменттің және аудандық басқармалардың бірқатар қызметкерлері үшін түзеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Департаменттің және аудандық басқармалардың бірқатар қызметкерлері үшін түзеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен Департаменттің және аудандық басқармалардың бірқатар қызметкерлері үшін түзеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның басты мақсаты қызметкерлерге қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда арты қандай салдарға әкеліп соғатынын көрсету.

Қызметкерлер сотқа дейінгі тергеуде жатқан тұлғаларды ұстаудың жалпы жағдайымен, олардың тынығу орны, тамақтану бөлмесі және кітапханасымен танысты.

Бұндай сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсиялар тұрақты түрде өткізіледі, бұның алдында 2019, 2020, 2022 жылдары ұйымдастырылған.

Осы іс-шараны өткізуге ат салысқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен №72 түзеу мекемесінің әкімшілігіне алғыс білдіреміз.