Инфекциялық процестің шоғырлануы бойынша хирургиялық араласумен байланысты инфекциялар: тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары, тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциялары және ағзаның және қуыстың хирургиялық араласу айналасындағы инфекциялары болып бөлінеді. Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары операциядан кейін отыз күннің ішіде пайда болады және тек тілік айналасындағы тері мен теріасты тіндерін қамтиды.
Пациентте инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының кемінде біреуінің:
- үстіңгі тіліктен іріңді бөліндінің болуы;
- үстіңгі тілік айналасынан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;
- хирургиялық тілік айналасының ауырсынуы, аздаған ісіну, қызару, температураның көтерілуі оң нәтижені көрсетеді;
- хирургтың немесе басқа емдеуші дәрігердің хирургиялық араласу айналасындағы үстіңгі инфекция диагнозы болуы тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциясын анықтау өлшемшарттары болып табылады.
Тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциясы имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін күнтізбелік отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Инфекцияны осы операциямен байланысты деп есептеуге негіздің болуы және тілік айналасындағы терең жұмсақ тіндерді (фасциялды және бұлшықет қабаттарын) қамтуы және науқаста инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының біреуінің:
1) осы хирургиялық араласу айналасындағы ағзадан немесе қуыстан емес, тілік тереңдігінен іріңді бөліндінің болуы;
2) пациентте инфекцияның мынадай белгілердің немесе симптомдардың: жара себіндісі теріс нәтиже беретін жағдайларды қоспағанда қызбаның болуы (37, 5C жоғары) немесе ауырсыну болған кезде жараның жиектерінің өздігінен ашылуы немесе оны хирургтың әдейі ашуы;
3) қарап - тексеру, қайта операция жасау, гистологиялық-патологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде терең тілік айналасында абсцесс немесе инфекция белгілерінің байқалуы;
4) хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы терең енген инфекция диагнозы болуы тілік аймағында терең хирургиялық инфекцияны анықтау өлшемшарттары болып табылады.
Хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекция имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және инфекция (операция кезінде ашылған немесе алынған тері тілігінен, фасциялардан және бұлшықет қабаттарынан басқа) организмнің кез-келген бөлігін қамтуы және науқаста инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының біреуінің:
1) ағзада немесе қуыста орнатылған дренажда іріңді бөліндінің болуы;
2) ағзадан немесе қуыстан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;
3) қарап-тексеру, қайта операция жасау, гистологиялық-патологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде ағзаны немесе қуысты қамтитын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілерінің байқалуы;
4) ауруханадан шыққаннан кейін отыз тәуліктің ішінде хирург немесе басқа емдеуші дәрігері қойған хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекция (тиісті ағзадағы операциядан кейін пайда болған перитонит, остеомиелит, пневмония, пиелонефрит, медиастинит, эндометрит, цистит, уретрит, эндокардит) диагнозы болуы хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекцияны анықтау өлшемшарттары болып табылады.