Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша және әкімшілік өндіріс туралы семинар-кеңес өткізілді

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша және әкімшілік өндіріс туралы семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша және әкімшілік өндіріс туралы семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Департамент басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары қатысты. Аудандық басқармалардың басқа да қызметкерлері онлайн түрде қатысты.

Семинар-кеңеске Алматы қаласына іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Рита Абдукасымовна Ширинбекова және бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының басшысы Алина Серікқызы Темірхан арнайы шақырылды.

Комитеттің өкілдері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың жаңа тәсілдерін, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, жедел ден қою шаралары, тергеп-тексеру мәселелері, сондай-ақ әкімшілік өндіріс туралы кеңінен баяндама жасады.

Семинар-кеңеске қатысушылар негізгі қызметке байланысты туындайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, Комитеттің өкілдерінен толық жауаптар алды. Сондай-ақ Комитеттің өкілдері кеңеске қатысушыларға жұмыс барысында қолдану үшін бірқатар ұсынымдар берді.

Сондай-ақ Департамент және аудандық басқармалардың қызметкерлерінің білім деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізіліп, нәтижелері қаралды.