Инфекциялық бақылау және инфекциялық профилактика мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

Инфекциялық бақылау және инфекциялық профилактика мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімімен инфекциялық бақылау және инфекциялық профилактика мәселелері бойынша қалалық медициналық ұйымдардың өкілдеріне арналған онлайн форматта оқыту семинары өткізілді.

Сондай-ақ, семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының жауапты мамандары арнайы қатысты.

Семинар барысында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шаралары бойынша өзекті мәселелер қаралды. Науқастар мен қызметкерлер арасында инфекциялардың таралу қаупін азайтуға бағытталған қазіргі заманғы әдістер мен стандарттарға ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар мамандардың біліктілігін үнемі арттырудың және инфекциялық бақылаудың тиімділігін арттыруда ұйымдар арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.