Өнеркәсіптік объектілерді бақылау мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

Өнеркәсіптік объектілерді бақылау мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімімен бірлесіп «Сика Сентрал Эйша» ЖШС алаңында көшпелі семинар өткізді.

Семинарға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау саласына жауапты мамандары қатысты.

Семинар барысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру процесі және жұмысшылардың еңбек жағдайлары, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасы түсіндіріліп, семинарға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.