«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне» орай Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жауапты қызметкерлері марапатталды.
Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жауапты қызметкерлер Ж.Б. Ұлдақан мен Г.С. Қамбабаеваға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының алғыс хатын табыстады.
Департамент басшылығы жауапты қызметкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғыс білдіріп, әрі қарайғы жұмыстарына сәттілік тіледі.