Ағымдағы жылдың 28 маусымында Алматы қаласы Спорт басқармасымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Алматы қаласының мемлекеттік органдары арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шараға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқармаларының қызметкерлерінен құралған команда қатысып, жүлделі II-орынға ие болды.
Мемлекеттік қызметшілер жеңіл және ауыр атлетика, армрестлинг, шахмат спорт түрлері бойынша - 4 алтын, 5 күміс, 1 қола иемденді.
Осылайша Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қатарынан үшінші жылы қалалық спартакиададан жүлделі орындарға ие болып жатқанын атап өтуге болады.
Бұл жетістіктердің бәрі, қызметкерлердің өз ұжымдарында ұйымдастырылып жүрген ішкі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары дайындықта жүргендерін білдіреді.