Топырақтың жай - күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг рекреация аймақтарында және су тарту құрылыстарының санитариялық қорғау аймақтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №ҚР ДСМ - 32 бұйрығымен бекітілген «Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер» гигиеналық нормативінің талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі (бұдан әрі - Гигиеналық норматив).
Алматы қаласы бойынша 2025 жылдың 6 айлығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары микробиологиялық көрсеткіштерге 161 топырақ сынамасын, оның ішінде 9 сынама (5,6%) гигиеналық нормативке сәйкес келмейтіні анықталды; санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 85 сынама, сәйкес келмейтіні анықталған жоқ.