Қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау

Қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау

Алматы қаласы мектептерінің медициналық кабинеттерінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы (бұдан әрі – АПВ) жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12, 13 жастағы қыздарға вакцинация жалғасуда.

 

20.06.2025 жылы қала бойынша АПВ-ға қарсы бірінші дозамен барлығы 10293 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста - 4429 және 12 - 13 жаста - 5864 қыз вакцинацияланды. АПВ-ға қарсы екінші дозамен барлығы 4171 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста - 1216 және 12 - 13 жаста - 2955 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген.

 

Вакцинациялауға рұқсаты бар медицина қызметкерлер, егілетін адамдарды қарап -тексеруден өткізіп, вакцинациялауды жүргізуге ата - анасынан (заңды өкілдерінен) келісім алғаннан кейін жүргізеді.

 

АПВ-ға қарсы Вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (бұдан әрі - ДДСҰ) сертификатталған, 6 ай аралығымен 2 дозадан тұратын, Қазақстан Республикасында тіркелген АҚШ - тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолданады. Бұл вакцина АПВ 6,11,16 және 18 түрлерінен қорғайды.

 

Вакцинада тірі вирустар жоқ, инфекцияны тудырмайды және репродуктивті функцияға әсер етпейді! ДДСҰ 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды, жыныстық қатынас басталғанға дейін вакцинациялауды ұсынады.

 

Қазіргі уақытта қыз балаларды егу арқылы АПВ онкогендік түрлерінен қорғауға болады. Мектеп немесе емхананың егу кабинетінде жүргізіледі.

 

Ата-аналарға 11 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау ұсынылады.

 

Елімізде жыл сайын 1900 - ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

 

АПВ-ның 200 - ден астам түрі белгілі, олардың 40 - тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14 - і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.

 

АПВ беріледі:

- жұқтырған АПВ-мен жанасу кезінде тұрмыстық байланыс жолы арқылы;

- тері және шырышты қабаттар;

- жыныстық қатынас кезінде;

- босану кезінде анадан балаға АПВ берілуі мүмкін.

 

АПВ - ға қарсы Вакцинация баланың өміріндегі маңызды қадам болып табылады, өйткені онколонкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді, қауіпсіз әдісі және көптеген жылдар бойы қорғауды қамтамасыз етеді!