2025 жылдың 20 маусымында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге Департаменттен: басшының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбайқызы Қонысбаева, тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Абылайхан Жолдасбекұлы Үмбетәлиев және аудандық басқармалардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, кездесуге Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету және бизнесті қорғау бөлімінің бастығы Еркебұлан Бейбітұлы Беймбет, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының санитариялық-гигиеналық мониторинг басқармасының санитариялық дәрігері Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова шақырылды.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге нан-тоқаш өнімдерінде тұз мөлшерін азайту бойынша ұсынымдар беріліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, тамақтану уланудың алдын алу және т.б. мәселелер түсіндіріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.