Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері!
Сіздер өз өмірлеріңізді елдің тыныштығын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жолына арнап келесіздер.
Полицияда қызмет ету – аса жауапты да қауіпті, сонымен бірге игілікті іс. Күнделікті қызметтік міндеттерін атқара жүріп, полиция қызметкерлері түрлі қауіппен де бетпе-бет келетін кездері де аз емес.
Өз өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отырып, тәртіп сақшылар өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсібилік танытып келеді.
Сондықтан сіздерге түрлі кезеңдер мен жағдайларда мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің дамуына зор үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас күш-жігер, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!