Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күнімен құттықтау

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет қазіргі қоғамның өмір сүруі тәуелді, мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі болып табылады.

Азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, Қазақстанның дамуы мен көркеюі және оның жаһандық әлемдегі орны сіздердің тиімді және кәсіби жұмыстарыңызға байланысты.

Сіздерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, заңдық мүдделерді қорғау және қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін арттыру жауапкершілігі жүктелген.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы атынан сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыздың амандығын, бейбітшілік пен келісімді және мансаптық өсуді тілейміз!