«Үздік қызмет көрсетуші» байқауының қалалық кезеңі аяқталды

«Үздік қызмет көрсетуші» байқауының қалалық кезеңі аяқталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қаладағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар арасында «Үздік қызмет көрсетуші» байқауы өтізілді.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен аталған байқауға Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Әшірханұлы Ахмет қатысты.

Байқауға қатысушы әр түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері өздері туралы бейне ролик түсіріп, онлайн дауыс беруден өтіп, өңірлік комиссияның әңгімелесуінен өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Мейіржан Әшірханұлы Ахмет «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Мейіржан Әшірханұлы байқаудағы II-орын алғанымен шын жүректен құттықтайды.

Мейіржан Ахметтің жетістігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің клиентке бағдарланып жатқандығының жарқын дәлелі.