Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Медицина қызметкері күніне» орай Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы бірқатар қызметкерлер мен ардагерді марапаттады.
Марапаттаушыларға «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдері, ҚР Денсаулық сақтау минтстрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының құрмет грамоталары табысталды.
Қасымхан Алпысбайұлы марапатқа ие болған қызметкерлерді құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына сәттілік тіледі.