Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагерлеріне алғыс айтамыз

Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагерлеріне алғыс айтамыз

Ирина Владимировна Кульбачко - 1957 жылы 26 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1980 жылы Республикалық медициналық училищені «санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының санитариялық-химиялық қызметінің лаборанты болып бастап, 1983 жылдан 1997 жылға дейін Кеңес ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында (қазіргі Алмалы ауданы), Алатау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде санитарлық дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істеген.

1997 жылдан 2017 жылға дейін қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметте балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінде, кадрлар қызметінде жұмыс жасаған.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының сантариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, жалпы жұмыс стажы 45 жылдан асады.

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ирина Владимировна Кульбачкоға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.