Мұрат Қарғашұлы Біржанов - 1956 жылы 26 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1979 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Целиноград авиаотряд бірлестігінің санитарлық дәрігері болып бастаған.
1980 жылдан 1998 жылға дейін КСРО мемлекеттік тағам институтының Қазақ филиалында ғылыми қызметкер, Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында аға оқытушысы және доценті болып жұмыс істеген.
1998 жылдан 2019 жылға дейін Бостандық, Алатау аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерін басқарып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметте басшы орынбасары лауазымдарын атқарған.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, әр түрлі ведомстволардың медальдарымен, грамоталарымен марапатталған.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұрат Қарғашұлы Біржановқа көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.