Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагерлеріне алғыс айтамыз

Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагерлеріне алғыс айтамыз

Ұлжалғас Қапарқызы Сұлтанаева - 1959 жылы 2 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

1980 жылы Республикалық медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Нарынқол аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог лауазымынан бастап, одан әрі 1984 жылдан 1987 жылға дейін Қақпақ ауылындағы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

1987 жылы Фрунзе ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиологтың көмекшісі, одан әрі 2018 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жетекші маман болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, жалпы еңбек стажы 47 жылдан асады.

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ұлжалғас Қапарқызы Сұлтанаеваға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.