
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірқатар қызметкерлері «Ұлт ұстазы», қазақ тілінің тұңғыш әліппесінің авторы - Ахмет Байтұрсынұлының тұрған мұражай-үйге барды.
Мұражай экспонаттары өте қызықты болды, өйткені олар бір адамның өмірін ғана емес, ұлт тарихы мұрасының бір бөлігін де білдіреді.
Аталған іс-шара 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.