
30-мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және еліміздің «Zakon.kz» ақпараттық порталымен ұйымдастырылған «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен іс-шараға басшысының тапсырмасы бойынша: ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Н. Мухамедиев, Медеу және Алмалы аудандарының аумақтық басқармалары басшылары А.Ә. Әскербек пен Е.В. Таркинский қатысты.
Іс-шара аясында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің өкілдері бірқатар азаматтарды қабылдап, оларға Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында тиісті кеңестер беріп, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
«Халық заңгері» акциясы азаматтарға заңгерлік, адвокаттық және мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан кеңестер беру мақсатында ұйымдастырылды.