Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагелеріне алғыс айтамыз

Медицина қызметкері күні қарсаңында сала ардагелеріне алғыс айтамыз

Надира Қанапияқызы Қазыбаева - 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

1980 жылы Талдықорған медициналық училищесін «санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Державинск аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастап, одан әрі медициналық мекемеде мейірбике және кәсіптік дезстанция бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

1998 жылдан 2019 жылға дейін Бостандық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде дәрігер-эпидемиологтың көмекшісі, жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек шарты бойынша жұмыс істейді.

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Надира Қанапияқызы Қазыбаеваға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.