Мағираш Рауанқызы Жұманова - 1958 жылы 1 қыркүйегінде Алматы облысында дүниеге келген.
1979 жылы Республикалық медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1975 жылдан тәрбиеші лауазымы болып бастап, одан әрі 1979 жылдан Кеңес ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі болып жұмыс істеген.
1983 жылдан бастап Фрунзе ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиологтың көмекшісі, одан әрі 2017 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жетекші маман болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек шарты бойынша жұмыс істейді.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мағираш Рауанқызы Жұмановаға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.