
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімімен қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Әбиірұлы Қалымбет пен бас инспектор Ардақ Әділғазықызы Нұрғазы арнайы шақырылды.
Әкімдік өкілдері мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу және Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, тіл саласының мамандары қазақ тілін дұрыс қолдану, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша бірқатар ұсынымдар беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.