
Құрметті достар!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы бәріңізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланады.
Ту, Елтаңба, Әнұран - біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына деген терең құрмет.