
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг 2025 жылдың жазғы кезеңінде қала бойынша екінші санаттағы 27 ашық су қоймаларында су бойынша жүргізіледі (Алатау ауданының аумағы арқылы 5, Алмалы - 2, Әуезов - 1, Бостандық - 3, Жетісу - 3, Медеу - 8 және Түрксіб - 5 ашық су қоймасы ағып өтеді).
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде жоспарға сәйкес екінші санаттағы ашық су қоймаларынан суды зертханалық іріктеу ай сайын мамырдан қыркүйекке дейін микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге жүргізілетін болады.
Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі «Алматы қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» №3/447 қаулысына сәйкес Алматы қаласында халық үшін жаппай демалу, туризм және спорт үшін су объектілерінде 4 демалыс аймағы айқындалған:
- Д. Қонаев атындағы ҮАК - Баум тоғайы жағажайы;
- Д. Қонаев атындағы ҮАК - Гүлдер жағажай демалыс аймағы;
- Сайран көлі, шығыс жағы Алмалы ауданы, жағажай Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр, көлдің батыс жағы Әуезов ауданы - жағажай оңтүстік бағытта Төле би көшесінен пирске дейін 300 метр.
Алайда, жоғарыда аталған жағажайлар мынадай себептер бойынша жұмыс істемейді: Сайран маусымдық көлінде 2023 жылдан бастап абаттандыру және жағалау сызығын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда; Жетісу және Түрксіб аудандарындағы Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына (бұдан әрі-ҮАК) өткен жылдардағыдай осы жазда да су берілмейді (Алматы облысында орналасқан Бартоғай су қоймасында судың тапшылығына байланысты, бұрын ҮАК-ға су аталмыш су қоймасынан келіп түскен).