Ағымдағы жылдың 20 мамырда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалыкованың төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жұмыс кеңесінде департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды, аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімдерінің басшылары Ж.А. Отарбекова, Д.Б. Бөлегенова, Б.М. Нұрғалиева м.а. баяндама жасады.
Сондай-ақ, кеңес барысында қаланың медициналық ұйымдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және оларды кері қайтарып алу тәртібіне, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізуіне, зертханалық жоспарлардың орындалуына, ошақтарда қорытынды дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу туралы мәселелер қарастырылды.