Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» таңғы ақпараттық бағдарламасына ашық су қоймаларының су сапасы туралы сұхбат берді.
Сонымен қатар, Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Орысбай Назерке Қуанышқызы мониторинг негізінде Орталық мәдениет және демалыс саябағы көлінен микробиологиялық, санитарлық-химиялық зерттеулерге су сынамаларын алу барысы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, одан әрі зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалына су сынамаларының үлгілерін тапсырды.
Толық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=AwfXqZf3Ex0