Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру бойынша семинарын өткізу туралы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру бойынша семинарын өткізу туралы

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен аудандық басқармалар үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Департаменттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Назира Камалбаевна Смагулова аудандық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне келесі заңнамаларды түсіндірді:

- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы;

- «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) біріңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 39 бұйрығы.

Семинардың басында мамандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың негізгі аспектілерін білу деңгейі анықталып, олардың нәтижелері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша аудандық басқармалардың жауапты мамандарына өз міндеттерін сапалы орындау және ағымдағы мәселелерді уақытында шешу үшін бірқатар тапсырмалар берілді.