ХАЛЫҚТЫ ВАКЦИНАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АЛҚАСЫНДА ҚАРАЛДЫ
2025 жылдың 30 сәуірінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстық денсаулық сақтау алқасы өтті.
Алқа отырысында өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің, оның ішінде Алматы облысындағы иммунопрофилактиканы ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралып, талқыланды.
Өзекті мәселелерді қарау нәтижелері бойынша облыс халқының денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстармен алқа шешімі қабылданды.