2025 жылғы 29 сәуірде Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аумақтық басқармаларының қызметкерлері "Білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар аясында білім беру мекемелерінде қауіпсіз және теңгерімді тамақтануды ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралды, санитариялық нормаларға, тағамды сақтау және дайындау ережелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сапа стандарттарының сақталуын бақылаудың рөлі талқыланды.