2025 жылдың 1 тоқсанында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы
2025 жылдың 1 тоқсанында туберкулездің сырқаттанушылық көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 5 жағдайға өсті (138 жағдай тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші – 8,55). Сырқаттанушылық облыстық көрсеткіштен Жамбыл, Іле, Қарасай Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласында жоғары.
Өткен жылмен салыстырғанда туберкулез жағдайларының өсуі 3 ауданда байқалады: Қарасай – 2 жағдайға (30/32), Жамбыл – 3 жағдайға (12/15), Талғар - 12 жағдайға (16/28).
Балалар арасында туберкулезбен ауырғандардың сырқаттанушылық көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 жағдайға өскен (2-ден 3-ке).
Жасөспірімдер арасында 2025 жылдың 1 тоқсанында (2 жағдай – 2,22), былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде.
Жас ерекшелігі бойынша 79 % ауырғандар 18-64 жас аралығындағылар, 7-14 жас (2%), 15-17 жас (1%) жасөспірім. Сонымен қатар науқастардың 37% еңбекке қабілетті ұрпақ жалғастырушы жастағылар (18-44жас), 17% зейнеткер құрайды.
Өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық былтырғы жылмен салыстырғанда 13 жағдайға өскен (инт.көрсеткіші – 7,75) Сырқаттанушылық облыстық көрсеткіштен Балқаш, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қонаев қаласында жоғары. Өкпе туберкулезімен, оның ішінде бактерия бөлуімен ауырғандардың сырқаттанушылық көрсеткіші 19 жағдайға өсті (57 жағдай тіркелді, көрсеткіш – 3,53).
2025 жылдың 1 тоқсанында медициналық ұйымдар деңгейінде клиникалық белгілері бар адамдар мен декреттелген, міндетті топтар арасында флюорографиялық тексеруге 51432 адам жоспарланып, 49790 адам тексерумен қамтылған (96,8%). 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулин сынамасы арқылы туберкулез ауруын дер кезінде анықтау мақсатында барлығы 47136 бала жоспарланып, 31420 (66,7 %) бала тексерумен қамтылған.