Алматы облысында 2025 жылдың 1 тоқсанында адамдар және ауылшарушылық малдары арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ.
Жылдың басынан 1114 адам жануарлардан әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді, зардап шеккендердің көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,0 құрады. Жарақат алғандар төмендегі аудандарда көптеп тіркелді: Еңбекшіқазақ – 175, Іле – 232, Қарсай – 293, Талғар - 197. Жарақат алған 1114 адамның барлығына 100% екпе тағайындалды.
Алматы облысы бойынша босқын иттер мен мысықтарды ұстау жұмыстары «Аудандық (қалалық) ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына жүктелген. Босқын жануарларды ұстау жұмыстарына жылдың басынан 70 млн. 200 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 9686 ит, 37 мысық ұсталды.