Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 4 қарашасында Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында Сулейман Демирел университетінің (SDU University) қабырғасында Job fair форматында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шараға Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Нысанғалиқызы Аманова қатысты. Осы жәрмеңкеде студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу талаптары түсіндірілді.