Алматы облысының білім саласы кәсіпкерлерінің салалық кеңесі өткізілді.

Алматы облысының білім саласы  кәсіпкерлерінің салалық кеңесі өткізілді.

2024 жылғы 19 сәуірде Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.  Сағадиев "Атамекен" ҰКП білім саласы кәсіпкерлерінің  салалық кеңесінің отырысында жекеменшік балабақша  ұйымдары үшін "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тексеру жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау функциясын ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері" тақырыбында сөз сөйледі.

Отырыс барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.