Алматы облысында балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру жөнінде оқыту-семинары өткізілді.

Алматы облысында балалардың жазғы сауықтыру  демалысын ұйымдастыру жөнінде оқыту-семинары өткізілді.

2024 жылғы 12 сәуірде Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары аумақтық басқармалардың мамандарымен жазғы сауықтыру маусымына дайындық ретінде  нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсынымдар бойынша, сондай-ақ эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге, атап айтқанда сауықтыру лагерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру тәртібі мен ережелеріне қатысты оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында әдістемелік ұсынымда көрсетілген талаптар түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.