Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Әділжанұлы Исмаилов тағайындалды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Әділжанұлы Исмаилов тағайындалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы бұйрығымен Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Марат Әділжанұлы Исмаилов
тағайындалды

Марат Исмаилов, 1974 жылғы, білімі - жоғары медициналық, жалпы гигиена бойынша жоғары санатты санитариялық дәрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
1992 жылы Ақтобе медициналық институтына түсіп, 1998 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Гигиенист-эпидемиолог дәрігері» мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы жұмыс өтілі – 25 жыл, барлығы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау органдарында.
Өзінің еңбек жолын 1997 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласында бастап, 2014 жылға дейін Шығыс-Қазақстан облысында болған, 2015-2020 жылдары Талдықорған қ-сы, Алматы облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау департаментінде, 2021 – 2022 жылдары Астана қаласы, Денсаулық сақтау министрлігінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қызмет атқарды, 2022 жылғы 4 қазаннан бастап Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.