Көкөністер - адам рационына өте қажетті және пайдалы. Олар - біздің ағзаға қажетті көмірсутегінің, көптеген дәрумендер мен микроэлементтердің көзі. Бәрінен де көктемде өзіміз алғашқы көкөністерді жегендегі қуанышымызға не жетсін!. Шалғам, қияр, қызанақ және түсті қырыққабат дүкен мен базар сөрелерінен бізді өзіне қарай тартып тұрады. Бірақ жаңа өнімдерді сатып алмас бұрын, жас көкөністердің адам денсаулығына өз қаупін де туғызатынын ұмытпайык.
Нитраттар. Өнімнің жақсы өсуіне және оны тез арада жинап алу мақсатында фермерлермен көп көлемде тыңайтқыштар қосылады, оның бірі азот қышқылының тұзы - нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің организмге өз зиянын тигізбегенімен, бірақ олардың шектен тыс мөлшері топыраққа түскенде, өсімдіктегі нитраттар саны бірден өседі. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл біздің денсаулығымызға қауіпті проблема болып табылады. Нитриттердің нитраттардан айырмашылығы, бұл улы қосындылар, олар қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер ете отырып, оттегінің тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ол адамның ағзасының оттегімен «тыныс алуын» нашарлатады. Бұл әсіресе балаларға, егде адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Нитраттар аллергияға себеп болуы және алқым безі ауруларын, зат алмасу, орталық жүйке жүйелерін зақымдауы мүмкін. Ал шектен тыс мөлшері улануға, кей жағдайда адам өліміне де апарады.
Нитраттармен уланудың белгілері: іш өту, жүректің айнуы, құсу, бас айналу, бауыр тұсының ауруы, қозғалыс координациясы бұзылуы.
Бірақ, ерте көкөністерді пайдалану кезінде біздің организмімізге улы заттардан тек нитраттар ғана түспейді. Ерте жақсы өнім жинау үшін, оларды аурудан, зиянкестерден және арам шөптерден қорғау керек. Ал, бұл үшін пестицидтер қолданылады.
Пестицидтер. Пестицидтердің көп бөлігі - улар, олардың адамның денсаулығына қатерлі қауіп туғызатын әсері бар. Пестицидтерді бақылаусыз, шектен тыс қолдану көкөністердің құрамына біздің денсаулығымызға зиянын тигізетін мөлшерде жиналуы мүмкін. «Пестицидтелген» көкөністерді пайдаланудың өзі бізді улануға әкеледі.
Пестицидтермен уланудың белгілері: бастың ауруы, айналуы, әлсіздік, асқазан ауруы, іш өту, тілде темірдің татуы, жүрек қызметі мен демалудың бұзылуы.
Біздің организмге пестицидтердің аз шоғыры түсіп, ақырындап жиналуының өзі, денсаулығымызға кері әсерін тигізіп, созылмалы улануға апарады. Уланудың белгілері бірден байқалмайды. Себебі, біздің басымыз бен асқазанымыз былай да ауруы мүмкін ғой. Созылмалы улануда ұйқысыздық, әлсіздік, тез шаршағыштық, ашуланшақтық болады. Біздің иммунитетіміз төмендеп, жиі ауырамыз және бірталай аурулар шығады.
Жоғарыда жазылғандарды оқи отырып, ерте көкөністерден бас тарту керек деп ойламаңыз. Ең бастысы сатып аларда сақтық шараларан сақтау керек. Барлық көкөністер мен жемістерді мұқият жуу керек. Суға салып қойғанның өзі де көкөністердегі нитраттардың барлығын алмаса да, біразын су сорып алады. Көкөністердегі нитраттың құрамын азайтуға кулинарлық өңдеу де ықпал етеді. Өнімдердің орта көлемдісін таңдаңыздар. Бақша өнімдерін белгісіз және белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмаңыздар.