Үй тамақтарына онлайн тапсырыс бере отырып, біз қандай тәуекелге барамыз?
Үй жағдайында дайындалған тамақтарды (торттар, тәтті нандар, суши, чебурек, нан-тоқаш өнімдері және басқалары) әлеуметтік желілер арқылы өткізу кәзір дамуда. Уақыттың тығыздығына байланысты, тапсырыс беріп тамақтану әдетке айналуда. Бірақ, әлеуметтік желілірден тағамға тапсырыс берер алдына, оны қайда, қалай және кім дайындайтыны жайлы ойлаңыз. Мүмкін өнімді лас үй-жайда, дайындауға қажет қарапайым жағдайлар жоқ, шикі және дайын өнімдерді бір ыдыста, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді пайдаланады және т.б. Ал тамақты дайындайтын адам бактериятасымалдаушы болуы немесе жұқпалы аурулармен науқастанып, сізге және сіздің балаларыңызға зиян келтіруі де мүмкін. Өйткені оның орын алмауына Сізде ешқандай кепілдік жоқ қой.
Сіздің және сіздің балаларыңыздың денсаулығымен тәуекел етуге тұра ма? Егер сіз ауырып қалсаңыз және оған желі арқылы тапсырыс берілген тағам себеп болса, әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікке тартыла ала ма?
Өз және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!!