2021-2022жж эпидмаусымының өткен мерзімінде жіті респираторлық вирустық инфекцияның 38902 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 1784,56 құрады, өткен жылдың эпидкезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 2,4 есе жоғарылаған.
Сырқаттанушылықтың маусымдық кезеңінде, иммундаудан басқа қарапайым ережелерді қатаң ұстану өте маңызды: тыныс алу жүйелерінің аурулары бар адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз, қолыңызды сабынды немесе бактерияға қарсы заттармен үнемі жуыңыз, адамдар көп жиналатын орындарға баруды (ойын-сауық және спорттық іс-шаралар, жиындар, жиналыстар және т.б.) шектеңіз, жұмыс орнында және үйде бөлмелерді жиі желдетіп отырыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, көп ұйықтаңыз, рационалды тамақтаныңыз, таза ауада жиі серуендегенді әдетке айналдырыңыз, белсенді демалыстарға көңіл бөліп, дене шынықтырумен айналысыңыз.
Есіңізде болсын, асқынулар мен қайғылы жағдайлардың көпшілігі өзін-өзі емдеумен және дәрігерге уақытында бармауымен байланысты болады. Яғни, «ауырып, ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» дегендей, аурудың барлық түрлерінен сақ болайық, ағайын!