
2026 жылғы 12 маусымда Өтеген-Батыр кентінде Іле ауданы мен Алатау қаласының қызметкерлері үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды арттыруға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Практикалық мысалдар мен жаттығуда өтініштерді қарау, жедел ден қою шараларын қабылдау және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бағалау тәртібінің алгоритмдері мен схемалары пысықталды.
Семинар-тренинг барысында және қорытындысы бойынша тестілеу арқылы алған білімдері мен дағдыларын бағалау жүргізілді.