Қызылшаның қаупі — оның салдарында!

Қызылшаның қаупі — оның салдарында!

Қызылшаның қаупі — оның салдарында!

  1. Қызылша — аса жұқпалы (контагиозды) инфекция. Бір ауырған адам екпе алмаған 18 адамға дейін жұқтыра алады. Бұл қызылшаны тұмауға қарағанда шамамен 12 есе жұқпалы етеді.
  2. Қызылша асқынуларымен қауіпті. Шамамен әрбір төртінші сырқатта отит, бронхит, пневмония немесе энцефалит дамиды, сондай-ақ кереңдікке әкелуі мүмкін. Ауырғандардың жуықтап алғанда 25%-ы ауруханаға жатқызуды қажет етеді, ал заманауи емдеудің өзінде өлім-жітім көрсеткіші шамамен 1000 жағдайға 1 жағдайды құрайды.
  3. Қызылшаның алыс салдары қауіпті. Аурудан кейін 2–10 жыл өткен соң, тіпті инфекция жеңіл өткеннің өзінде, склероздаушы панэнцефалит дамуы мүмкін. Оның жиілігі шамамен 2500 жағдайға 1 жағдайды, 5 жасқа дейінгі балаларда — 1300-ге 1, ал бір жасқа дейінгі нәрестелерде — шамамен 600-ге 1 жағдайды құрайды. Бұл ауру құрысуларға, мінез-құлықтың бұзылуына, үдемелі параличке және когнитивті функциялардың (ойлау қабілетінің) жоғалуына әкеледі және емделмейді.
  4. Қызылша иммундық есте сақтау қабілетін өшіреді. Инфекциядан кейін иммунитет бұрын кездескен ауруларды уақытша «ұмытып», осал бола түседі. Бірнеше ай бойы адам инфекциялық аурулармен, соның ішінде ЖРВИ-мен жиі ауырады, ал балалар тіпті қарапайым аурулар мен инфекцияларды да ауыр өткізуі мүмкін.